Electrolux EKC6150AOW User Manual Page 8

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 7
3.3 Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
Аралас желдеткіш
Торттар мен печеньелерге арналған. Пісіру
мен қуыруға немесе май жинайтын таба
ретінде қолдануға арналған.
Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат сақтау
суырмасы орналасқан.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтары мен алмалы сөре
сырғытпаларының барлығын (егер бар
болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күтіп ұстау және тазалау" тарауын
қараңыз.
4.2 Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
5.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6.
Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс және түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналуын қамтамасыз етіңіз.
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
5.1 Қызу параметрі
Тетік Функция
Жылы ұстау
0 Off (сөндірулі) қалпы
1-9 Қыздыру параметрлері
(1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 9 - ең жоғары
қыздыру параметрі)
1.
Тетікті қажетті қызу параметріне қойыңыз.
2.
Тағам пісіруді тоқтату үшін тетікті 0
қалпына қойыңыз.
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5-10
минут қалғанда сөндіріңіз.
5.2 Қос пісіру алаңын іске қосу
Сақтандыру туралы ескерту!
Қос пісіру алаңын іске қосу үшін
тетікті сағат тілінің бағытымен
бұраңыз. Тетікті "тоқтату" қалпынан
асыра бұрамаңыз.
1.
Тетікті сағат тілінің бағытымен бұрап 9
қалпына қойыңыз.
2.
Тетікті сырт еткен дыбыс естілгенше
таңбасына қарай баяу бұраңыз.
Екі пісіру алаңы іске қосылады.
3.
Қажетті қызу параметрін орнату үшін,
"Қызу параметрлері" тарауын қараңыз.
8
www.electrolux.com
Page view 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 60

Comments to this Manuals

No comments