Electrolux EKC6430AOX User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны
сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге
қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тәжірибесі аз
адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінген жағдайда қолдануына
болады. Балалар құрылғымен ойнамауға
тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу
немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны байқаусызда
іске қосуына жол бермейді.
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЛПЫ
НҰСҚАУЛАР
Бұл өнімді өзгертуге не оның техникалық
сипаттарына өзгеріс енгізуге болмайды.
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын
орам материалдарының, жапсырмалары
мен төсем материалдарының барлығын
алыңыз.
Пісіру алаңдарын әр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
ОРНАТУ
Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары
затбелгіде (немесе деректер
тақташасында) жазылған.
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары
мен төсемдерін алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды,
жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
ҚАЗАҚ 33
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments