
Торкөз сөре мен шұңғыл таба екеуін
сырғытпа жолдарға қойыңыз.
12. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
12.1 Жалпы ақпарат
• Құрылғының төрт сөре қойылатын
орны бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан
бастап санаңыз.
• Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдыратын
арнайы жүйемен жабдықталған.
Бұл жүйенің көмегімен тағамды
булы ортада, ішін жұмсақ, сыртын
кітірлек етіп пісіруге болады. Бұл
пісіру уақыты мен қуат мөлшерін ең
төменгі деңгейге дейін азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне ылғал тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Пісіру
барысында құрылғының есігін
ашқанда үнемі артқа шегініңіз. Буды
азайту үшін құрылғыны тағам пісіру
алдында кемінде 10 минут қосыңыз.
• Құрылғының ылғалын әр
пайдаланып болған сайын
тазалаңыз.
• Пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына және
алюминий жұқалтырды құрылғының
құралас бөліктеріне қоймаңыз. Бұл
пісіру нәтижесін өзгертуі және
эмальға нұқсан келтіруі мүмкін.
12.2 Пісіру
• Алғашқыда төменірек
температураны пайдаланыңыз.
• Егер торттарды бірнеше сөрелерге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 – 15 минутқа созуға болады.
• Биіктіктері әр түрлі кекстер мен
кондитер өнімдері бірдей
қызармауы мүмкін. Біркелкі
қызармаса, температура
параметрін өзгертудің қажеті жоқ.
Бұл пісіру барысында түзеледі.
• Пісіру кезінде тұмшапештегі науа
майысып қалуы мүмкін. Науалар
суыған кезде майысқаны қалпына
келеді.
12.3 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
12.4 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
ҚАЗАҚ 21
Comments to this Manuals