Electrolux EN3487AOH User Manual Page 19

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 18
8.4 Деңгейін келтіру
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты
болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі
жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен
орнықты етуге болады.
8.5 Иіс сүзгісін орнату
TasteGuard сүзгісі жағымсыз иістерді сіңіріп,
тағамның иісін, дәмін, бір-біріне сіңірмей өз
қалпында сақтайтын, белсендірілген
көміртегіден жасалған сүзгі болып табылады.
Көміртекті сүзгінің қолданыс мерзімін және
қасиеттерін сақтау үшін, ол пластик қалтаға
салынып жеткізіледі. Сүзгіні құрылғыны іске
қоспай тұрып, қалқанның артына орнату
керек.
1.
Қалқанның қақпағын ашыңыз.
2.
Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3.
Сүзгіні қалқан қақпағының артында
орналасқан саңылауға салыңыз.
4.
Қалқанның қақпағын жабыңыз.
Сүзгіні беткі фрагменттері босап
кетпес үшін абайлап ұстау керек.
Сүзгіні алты ай сайын бір рет
ауыстырып отыру керек.
8.6 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
8.7 Есіктің ашылатын жағын өзгерту
Назарыңызда болсын!
Қандай да бір жұмысты іске асырмас
бұрын ашаны электр розеткасынан
суырыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғының тоққа қосылмай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Келесі әрекеттерді жүзеге асыру
үшін, осы әрекеттерді орындау
барысында құрылғының есіктерін
мықтап ұстап тұруға көмектесетін
тағы бір адамның болуын ұсынамыз.
Үстіңгі топсаның қақпағын бұранда
бұрағышпен (4) алыңыз.
Есікті ашып, оның шетіндегі қорғаныс
қалпағын (1) алыңыз.
Үстіңгі алдыңғы жақ қақпақтарды екі жақтан
да алыңыз. (2,6).
Бейнебет (3) сымын жалғастырғышты
ағытыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Page view 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments