Electrolux ERT16002W8 Basic Guide Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен
бұрай отырып орташа температураға
қойыңыз.
Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті
орындаңыз:
суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін
құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме температурасы
жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне
толтыра салынса және құрылғы төменгі
температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс
жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын қуатты
көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне
мүмкіндік беру қажет.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Өте маңызды! бұл құрылғы Францияда
сатылады.
Осы елде қолданылатын ережелерге сәйкес
бұл құрылғы мұздатқыштың ең суық зонасын
көрсетіп тұру үшін оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы құралмен (суретті
қараңыз) жабдықталуға тиіс.
КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны
электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас
үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы
еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл
тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
16 electrolux
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments