Electrolux EWTS10420W User Manual Page 47

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 68
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 46
Кір жууды бастамай тұрып, әр заттың
затбелгісінде көрсетілген нұсқауларды
қараңыз.
Дақтарын жанармай, спирт, трихлорэтилен
т.с.с. заттармен тазартқан киімдерді кір
жуатын машинаға салмаңыз. Осы тәрізді
дақ кетіргіштер қолданылса, аталмыш
заттар буланып ұшып кеткенше заттарды
кір жуатын машинаға салмаңыз.
Құрылғыңыз тек ғана ересек адамдар
қолдануға арналған. Балалар құрылғыға
тиіспеуге және онымен ойнамауға тиіс.
Жеке талаптарға лайықтау
Бала қауіпсіздігі
Бұл функция екі түрлі құрсаулау тәсілімен
қамтамасыз етеді:
функция цикл басталған соң белсенді күйге
көшірілсе, параметрлерді немесе
бағдарламаны өзгерту мүмкін емес.
Цикл орындала береді және жаңа циклді
орындау үшін функцияны ажыратуыңыз
қажет.
егер функция циклді бастамай тұрып
белсенді күйге көшірілсе, құрылғы іске
қосылмайды.
Бала қауіпсіздігінің құралын белсенді күйге
көшіру үшін құрылғыны қосыңыз да, " Шаю
плюс"
және " Кешіктіріп бастау"
түймешігін бейнебетте белгішесі пайда
болып таңдауды құптағанша, қатар басыңыз.
Құрылғы жадына осы таңдалған параметр
сақталады. Бала қауіпсіздігінің құралын
ажырату үшін әрекетті қайталаңыз.
Дыбысты сигнал
Дыбысты сигнал белсенді күйде тұрса, онда
ол түймешік басылғанда, бағдарламаның
соңында және ақаулықты көрсету үшін
қосылады.
Оны ажырату үшін құрылғыны қосыңыз да, "
Алдын ала жуу"
және " Шаю плюс"
түймешігін дыбысты сигнал естілгенше қатар
басыңыз. Сигнал тек ескерту сигналын беру
үшін ғана қосылып тұрады. Оны қайта
белсенді күйге көшіру үшін осы әрекетті
қайталаңыз.
Жуу циклін қалай орындауға болады?
Алғаш рет пайдалану
Құрылғының электр желісі мен су
жүйесіне орнату бойынша нұсқауларға
сай қосылғандығын тексеріңіз.
Барабан ішіндегі полистирол текшелер мен
басқа заттардың барлығын алыңыз.
Ең алғашқы жуу циклін 90°C градусқа
қойып, су қорапшасын тазалау үшін ешбір
кір салмай, бірақ жуғыш зат салып
тазалаңыз.
Күнделікті пайдалану
Кірді салу
Құрылғы есігін
ашыңыз.
Барабанды A
бекітпе
түймешігін басып
ашыңыз: Екі
есікше
автоматты түрде
ашылады.
Кірді салыңыз да,
барабан мен кір
жуатын машинаның есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
есігін жаппай тұрып, барабанның дұрыс
жабылғанын тексеріңіз:
Екі есікше жабылған кезде,
A бекітпе түймешігі босайды.
A
Жуғыш заттарды мөлшерлеу
Егер "алдын ала жуу" функциясын
таңдасаңыз, жуғыш ұнтақты жуу
және
алдын ала жуу
қорапшаларына салыңыз.
Қажет болса, мата жұмсартқышты
қорапшасына құйыңыз.
Қажетті бағдарламаны таңдау
Бағдарламаны таңдайтын түймешені қажетті
бағдарламаға бұраңыз. " Бастау/Үзіліс"
түймешігі жасыл жарық шығарып
жыпылықтайды:
Цикл орындалып тұрған кезде, бағдарламаны
таңдайтын түймешені басқа бағдарламаға
қойсаңыз, құрылғы жаңадан таңдалған
бағдарламаны қабылдамайды. "Err"
жыпылықтайды да, " Бастау/Үзіліс" түймешігі
бірнеше секунд қызыл жарық шығарып
жыпылықтайды.
electrolux 47
Page view 46
1 2 ... 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 ... 67 68

Comments to this Manuals

No comments