
Машинаға су құю
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны суық сумен жабдықтау
жүйесіне қосу қажет.
1. Құрылғымен қатар жеткізілген су
құятын түтікшені су шүмегіне 3/4"
тығырығы арқылы қосыңыз. Әрқашан
құрылғымен қатар жеткізілген
түтікшені пайдаланыңыз.
Өте маңызды! Машинаны су жүйесіне
жалғау үшін бұрынғы машинадан қалған
түтікті пайдаланбаңыз.
2. Су құятын түтікшенің машинаға
жалғанатын ұшын суретте
көрсетілгендегідей айналдыруға
болады.
Су құятын түтікшені төмен қаратып
қоймаңыз.
Су шүмегінің қалай орналасқанына
байланысты түтікшені оңға не солға
қарай бұрыш жасатып қойыңыз.
3. Шығырық тәрізді тығырықты босату
арқылы түтікшені дұрыстап
орнатыңыз. Су құятын түтікшені
дұрыс орналастырған соң су
жылыстап ағып кетпес үшін шығырық
тәрізді тығырықты қатайтып бұрауды
ұмытпаңыз.
Су құятын түтікшені ұзартуға болмайды.
Егер ол тым қысқа болса және су шүмегін
орнынан жылжытқыңыз келмесе,
осындай мақсатта қолдануға арналған
жаңа әрі ұзын түтікшені сатып алуыңыз
қажет.
Өте маңызды! Машинаны жаңа құбырға
не көп уақыт пайдаланылмаған құбырға
қоспас бұрын осы құбыр ішінде тұрып
қалған қалдық не кірді суды жеткілікті
мөлшерде ағызу арқылы шайыңыз.
Суды сарқу
Суды сарқитын түтікшенің ұшын үш түрлі
жолмен орнатуға болады:
• Раковинаның ернеуінен асыра оның
ішіне машинамен қатар жеткізілген
пластик бағыттағыш арқылы салып
қою. Бұл үшін машина суы сарқылып
тұрған кезде түтікше ұшының
раковина ернеуінен шығып кетпеуін
қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін оны
шүмекке баумен байлап бекітуге не
қабырғаға бекітіп қоюға болады.
52 electrolux
Comments to this Manuals