Electrolux EW8HR358S User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-
жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі
жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны таймер сияқты сыртқы қосу
құрылғысымен жабдықтамау немесе жиі қосылып
және сөніп тұратын желілерге қоспау керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін
қажетсіз газдар қайта бөлмеге кірмес үшін құрылғы
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
www.electrolux.com4
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments