Electrolux EKC601503W User Manual Page 10

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 9
Ыдыстардың түбі әрқашан таза және
құрғақ болуға тиіс. Ыдыстың қақпағын
жауып пісіріңіз.
Ыдыстардың түбінің тегіс және
бүлінбегенін тексеріңіз. Түбінің бұдыры
бар және өткір жиекті ыдыстар керамика
шынының бетіне сызат түсіреді.
Пештің керамика беті сызылып не
бүлінбес үшін, ыдыс пен табаларды
оттықтан сырғытып жылжытпай, көтеріп
алу керек.
Түбі алюминий және мыстан жасалған
ыдыс-аяқтар кейін әрең тазаланатын,
кейде мүлдем тазаланбайтын металл
дақтарын қалдыруы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Тағамды
ыстық май не тоңмайға қуырған
кезде, аса қызып кеткен май
шашырандылары жылдам тұтанып
кететіндіктен абай болыңыз.
Пешті пайдалану
Назарыңызда болсын! Тағамды
әрқашан пеш есігін жауып пісіріңіз.
Төмен қарай ашылатын пеш есігін
ашқан кезде артқа шегініңіз. Есік
әбден ашылғанша тұтқасын
жібермей ұстап тұрыңыз, есікті
тартқаннан кейін әрі қарай еш
сүйемелсіз ашылуына жол бермеңіз.
Пештің есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Пештің төрт сөре қатары бар. Сөрелер
төмендегі суретте көрсетілгендей
төменнен жоғары қарай саналады.
Назарыңызда болсын! Ыдыс-аяқты
пештің табанына тура қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш
функциясын не грильді пайдаланып
пісірген кезде, шамадан тыс қызып
кетпес үшін пеш қақпағын ашып қою
керек.
Назарыңызда болсын! Тамақ пісіру
барысында пештің табанына
ешқандай зат не ыдыстарды
қоймаңыз және пештің еш бөлігін
алюминий қаңылтырмен жаппаңыз,
себебі бұл пісіру нәтижесіне әсер
ететін әрі пештің сырлы қабатын
бүлдіретін қызудың жиналуына
себеп болады. Ыдыстарды, қызуға
төзімді ыдыстарды, алюминий
қаңылтырды әрқашан пеш
сөрелеріне қойыңыз.
Конденсат және бу
Пеш ауаның табиғи түрде айналуын
және будың үнемі қайталап
пайдаланылуын қамтамасыз ететін
айрықша жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіруге
мүмкіндік береді және тағамдардың ішін
жұмсақ, ал сыртын қытырлақ күйде
сақтайды. Сонымен қатар тамақ пісіру
уақыты мен қуаттың тұтынылатын
мөлшері де барынша азаяды. Тамақ
пісіру барысында шығатын бу пештің
есігі ашылған кезде сыртқа шығып кетуі
мүмкін. Бұл әбден қалыпты жағдай.
10 electrolux
Page view 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments