Electrolux EKG51301OX User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
10. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған
сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
10.1 Сөре сырғытпаларын алу
2
1
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
2.
Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын
қабырғадан ағытып алыңыз.
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше
орындап салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал ұштары
алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
10.2 Каталитті қабырғалар
Каталитті қаптамасы бар қабырғалар өздігінен
тазаланады. Мұндай қаптама тұмшапеш
жұмыс істеп тұрған кезде қабырғаға
шашыраған майды сіңіріп алады.
Тұмшапеш өздігінен тазалануы үшін ішіне
тағам салмастан мезгіл-мезгіл қыздырыңыз.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Тұмшапеш ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
3.
Есікті жабыңыз.
4.
Пешті ең жоғары температураға қойыңыз
да, 1 сағат іске қосыңыз.
5.
Тұмшапештің ішін жұмсақ, дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің каталитті
қаптамасының бетін пешке арналған
спрей, түрпілі тазартқыш, сабын
немесе басқа тазартқыш заттармен
тазаламаңыз. Мұндай заттар
каталитті қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
Каталитті қаптаманың түсінің оңуы
каталиттің сипаттарына әсер етпейді.
10.3 Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігінде бірінің артында бірі
орнатылған екі шыны панель бар. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін тұмшапештің есігін
алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Есік өз орнында тұрғанда ішкі
панельді алуға әрекет жасасаңыз,
тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ 15
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments