Electrolux EN93455MW User Manual Page 17

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 80
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 16
FreshZone бөлімінің толық
жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін төменгі сөре мен
жайпақ қақпақтарды
тазалағаннан кейін
бастапқы орнына қою
керек.
Камераның ішіндегі тартпалы
жәшіктердің үстіндегі жайпақ
қақпақтарды тазалау үшін алып
шығуға болады.
7.4 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
7.5 Мұздатқыштың мұзын
еріту
Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі
қабырғаларының бетіне де, тағамның
үстіне де ешбір мұз қатпайтынын
көрсетеді.
Мұз қатпайтын себебі, автоматты
түрде басқарылатын желдеткіш
құрылғы ішінде үнемі суық ауаны
айналдырып тұрады.
7.6 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін,
басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
7.7 Көміртекті сүзгіні
ауыстыру
Көміртекті сүзгі тамаша жұмыс істеу
үшін жылына бір рет ауыстыру керек.
Жаңа сүзгіні жергілікті дилерден сатып
алуға болады.
"TASTEGUARD сүзгісін орнату"
тарауындағы нұсқауларды қараңыз.
Ауа сүзгісі тұтынылатын
керек-жараққа жатады,
сондықтан кепілдікпен
қамтылмайды.
ҚАЗАҚ 17
Page view 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 79 80

Comments to this Manuals

No comments