Electrolux ENN92803CW User Manual Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 24
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
3.3 Мұздатылған тағамды сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт
пайдаланбай барып іске қосқанда, тағамды
бөліктерге салмай тұрып, құрылғыны кем
дегенде 2 сағат, ең жоғары параметрлерге
қойып іске қосыңыз.
Егер көп тағам сақтау қажет болса, тартпалар
мен суырмалардың барлығын құрылғыдан
алыңыз.
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып
құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе
және электр қуаты, техникалық
параметрлер кестесінің
"температураның жоғарылау уақыты"
бөлімінде көрсетілген шамадан да
ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу
тауысу не пісіріп барып қайта
тоңазыту керек (салқындатқан соң).
3.4 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
3.5 Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға
арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы
науаларға су толтырыңыз да, содан соң
оларды мұздатқыш камераға салыңыз.
Науаларды камерадан алу үшін
металл аспаптарды пайдаланбаңыз.
3.6 Жылжымалы сөрелер
A
B
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше тіректер бар.
Орынды тиімді пайдалану үшін алдыңғы
жарты сөрелерді артқы сөрелердің астына
қоюға болады.
ҚАЗАҚ 9
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 23 24

Comments to this Manuals

No comments