Electrolux EOA55551AK User Manual Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің
(мысалы, есіктің) артына
орналастырылса, онда құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық
панеліне жиналған жылу мен ылғал
келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің
бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны
қолданғаннан кейін толық суығанша
жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған шам
немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
www.electrolux.com6
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments