Electrolux EOA5651BAX User Manual Page 12

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 11
4.
жыпылықтап тұрған кезде әдепкі ішкі
температураны тетікті пайдаланып
өзгертуге болады.
5.
Жаңа ішкі температураны сақтау үшін
түймешігін басыңыз немесе параметр
автоматты түрде сақталғанша 10 секунд
күтіңіз. Ішкі температура сенсорын келесі
жолы пайдаланған кезде жаңадан
орнатылған әдепкі ішкі температура
көрсетіледі.
6.
Тағам пісіру барысында ішкі температура
сенсорының етке салынып, розеткаға
қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
7.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткен кезде, ішкі
температураның белгісі мен ішкі
температура сенсоры жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал екі минут бойы естіледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
8.
Ішкі температура сенсорының ашасын
розеткадан суырыңыз. Етті құрылғыдан
алыңыз.
9.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Ішкі температура сенсорын розеткаға
сұққан сайын ұзақтық пен аяқтау
уақыты параметрлерін қайта орнату
керек.
Құрылғы ұзақтық параметрін ең
алғаш рет болжап есептеген кезде
бейнебетте - жыпылықтайды.
Есептеу аяқталған кезде бейнебетте
тағам пісіру уақытының ұзақтығы
көрсетіледі. Тағам пісіріп жатқан
кезде уақыт есептеліп тұрады да,
егер қажет болса, ұзақтық параметрі
де бейнебетте жаңартылып тұрады.
Тағам пісіріп жатқан кезде ішкі температураны
кез келген уақытта өзгертуге болады.
1.
Температура түймешігін басыңыз:
Бір рет - бейнебетте орнатылған ішкі
температура көрсетіліп, ол 10 секунд
сайын ағымдық ішкі температураға
ауысып тұрады.
Екі рет - бейнебетте тұмшапештің
ағымдық температурасы көрсетіліп, ол
10 секунд сайын тұмшапеште
орнатылған температураға ауысып
тұрады.
Үш рет - бейнебетте тұмшапештің
орнатылған температурасы
көрсетіледі.
2.
Температураны өзгерту үшін
температура тетігін пайдаланыңыз.
7.2 Тұмшапештің керек-жарақтарын салу
Шұңғыл таба мен торкөз сөренің жиектері бар.
Бағыттағыш жолдардың жиектері мен пішімі,
ыдыс сырғып кетуге жол бермейтін арнайы
құрал болып табылады.
12
www.electrolux.com
Page view 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments