Electrolux EOC96851AX User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
АБАЙЛАҢЫЗ
Тұмшапеш ыстық. Күйіп
қалу қатері бар. Су
сауытын аяқтаған
кезде абай болыңыз.
9. Бумен пісіру функциясынан кейін
корпустың астында бу конденсаты
пайда болуы мүмкін. Тұмшапеш
салқындағаннан кейін корпустың
астыңғы жағын әрқашан сүртіңіз.
Тұмшапештің есігн толық ашып оны
әбден кептіріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Сыртқы клапаннан су
шығып кетпес үшін буға
пісіріп болған сайын кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
6.7 "Сауыт бос" индикаторы
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су толтыру қажет және сауыт бос
тұрғанда оны толтыру қажет екенін
ескерту үшін сигнал естіледі.
Қосымша ақпаратты "Әркүндік
пайдалану” тарауынан, Бу функциясын
орнату тармағынан қараңыз.
6.8 "Сауыт толы" индикаторы
Бейнебетте төмендегілер
көрсетілгенде: Су сауыты суға толып
тұр, буға пісіру функциясын
пайдалануға болады.
Сауыт толған кезде сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады.
Суды жөкеге немесе
шүберекке сіңіріп
тазалаңыз.
6.9 Су сауытын босату
АБАЙЛАҢЫЗ
Су сауытын босату
алдында пештің салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су сауытын әр буға пісіру циклі
аяқталған сайын босатыңыз.
1. Пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы су төгетін
түтікті (C) дайындаңыз. Су төгетін
сауыттың ұшына жалғастырғышты
(B) жалғаңыз.
B
C
A
2. Түтікшенің екінші ұшын (С) сауытқа
салыңыз. Оны су төгетін
клапанның деңгейінен (A)
төмендеп салыңыз.
3. Тұмшапештің есігін ашып,
жалғастырғышты (В) су жіберетін
клапанға (А) салыңыз.
4. Су сауытын босатқан сайын
жалғастырғышты қайта-қайта
салыңыз.
Бейнебетте келесі жазу
көрсетілгенде сауытта
шамалы су тұруы
мүмкін: Су толтыру
қажет.
Су жіберетін клапаннан
су ақпай тоқтағанша
күтіңіз.
5. Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
Су сауытын қайта толтыру
үшін аққан суды
қолданбаңыз.
6.10 Қыздыру индикаторы
Қыздыру функциясын қосқанда
дисплейде жолақ жанады. Жолақ
температураның жоғарылай
бастағанын көрсетеді. Орнатылған
температураға жеткен кезде сигнал 3
рет естіледі де, жолақ жыпылықтап,
содан кейін көрінбей кетеді.
www.electrolux.com16
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments