Electrolux ERN91400AW User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін алдыңғы
жағынан көтеріңіз.
www.electrolux.com4
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments