Electrolux ERN91400AW User Manual Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрап орташа
температураға қойыңыз.
3.2 Сөндіру
Құрылғыны сөндіру үшін температура
тетігін "O" қалпына бұраңыз.
3.3 Температураны реттеу
Температура автоматты түрде
реттеледі.
1. Минималды суық температураны
орнату үшін температураны реттеу
құралын төменірек параметрлерге
қарай бұраңыз.
2. Максималды суық температураны
орнату үшін температура реттеу
құралын төменірек параметрлерге
қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты
таңдаған дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді
құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді
болатынын ескеріп таңдау
керек:
бөлме температурасы,
есіктің қаншалықты жиі
ашылғаны,
сақталған тағамның
мөлшері,
құрылғы орналасқан
жер.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер бөлме температурасы
жоғары болса не тағам
тоңазытқыш ішіне толтыра
салынса және құрылғы
төменгі температурада
тұрса, құрылғы үздіксіз
жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы
мүмкін. Бұндай жағдайда
тетікті жоғары
температураға қойып,
құрылғы мұзын қуатты көп
шығындамай, өздігінен
еріп кетуіне мүмкіндік беру
қажет.
www.electrolux.com6
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments