Electrolux EWS126540W User Manual Page 31

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 30
Бағдарлама кестесі
Құрылғымен бірге әртүрлі тілдерде
жазылған бағдарлама кестелері
беріледі. Олардың бірі жуғыш зат
үлестіргіш суырмасының алдыңғы
жағына, қалғандары құрылғыны орнату
бойынша нұсқаулыққа жапсырылған.
Суырмадағы кестені оңай ауыстыруға
болады: суырмадағы кестені оң жаққа
қарай тартып алыңыз да, оның орнына
өзіңізге қажетті тілде жазылған кестені
жапсырыңыз.
Басқару панелі
Төменде басқару панелінің суреті берілген. Суретте бағдарлама таңдау тетігі,
сондай-ақ түймешіктер, сигнал шамдары және бейнебет көрсетілген. Бұлар
келесі беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Бағдарлама таңдау тетігі
2 Бейнебет
3 ТЕМПЕРАТУРА түймешігі
4 АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
5 АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
6 ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
7 КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
8 БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
9 ТАЙМЕР түймешіктері
Бағдарламаны таңдайтын түймеше
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру мен/
не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
Температура
Бұл түймешік жуу температурасын
көбейту мен азайту үшін қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын азайту
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгерте аласыз.
Алдын ала жуу
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын
алдын ала жуу циклін орындап шығады.
Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл
функцияны қатты кірлеген заттарды жуу
үшін пайдалану ұсынылады.
Экстра шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін
арнайы жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше қосымша
шаю циклдері орындалады. Бұл функция
жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдар үшін, сондай-ақ суы аса тұщы
жерлерде қолдану үшін ұсынылады.
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30
мин.- 60 мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң
1 сағаттан қоса отырып, максимум 20
сағатқа дейін кешіктіруге болады.
electrolux 31
Page view 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments