Electrolux EWS126540W User Manual Page 54

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 53
судың түтікшеден жылыстап ағуының
алдын алуға көмектеседі. Бұл ақаулық
"A" терезесіндегі қызыл сектор арқылы
көрсетіледі. Бұндай жағдай орын алса,
судың шүмегін жабыңыз да, түтікшені
айырбастатып алу үшін жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
A
Суды сарқу
Суды сарқитын түтікшенің ұшын үш түрлі
жолмен орнатуға болады:
Раковинаның ернеуінен асыра оның
ішіне машинамен қатар жеткізілген
пластик бағыттағыш арқылы салып
қою. Бұл үшін машина суы сарқылып
тұрған кезде түтікше ұшының
раковина ернеуінен шығып кетпеуін
қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін оны
шүмекке баумен байлап бекітуге не
қабырғаға бекітіп қоюға болады.
Раковина жуынды суын сарқитын
құбыр тармағына жалғау арқылы. Бұл
тармақ сифонның үстіңгі жағында
орналасуы керек, сонда ол жерден кем
дегенде 60 см биіктікте тұрады.
Жуынды су құбырына 60 см-ден кем
емес, 90 см-ден артық емес биіктікте
жалғануға тиіс. Су сарқитын түтікшенің
ұшы әрқашан желдетіліп тұруға тиіс,
яғни жуынды су құбырының ішкі
диаметрі бұл түтікшенің сыртқы
диаметрінен үлкен болуға тиіс. Су
ағызатын түтікше жаншылып қалмауға
тиіс.
Су төгетін түтікті көп дегенде 4 метрге ұзартуға болады. Қосымша су төгетін түтік
пен оны жалғастыратын тетік жергілікті қызмет көрсету орталығында болады.
Электртоғына қосу
Электр қосылымына қатысты мәлімет,
құрылғы есігінің ішкі қырында
орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген.
54 electrolux
Page view 53
1 2 ... 49 50 51 52 53 54 55 56

Comments to this Manuals

No comments