• Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған кезде
ашпаңыз.
• Қақпақты жабар алдында оттықтардың
барлығын сөндіріңіз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып
кетуі мүмкін.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
ҚАЗАҚ 7
Comments to this Manuals