Electrolux ERA36633X User Manual Page 42

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 41
Қалыпты жағдайлар қалпына келгенде:
дыбыстық сигнал тоқтайды
температура мәндері жыпылықтай
береді
ескерту сигналын ажырату үшін (E)
пернесін басқанда, камерадағы ең
жоғары температура
индикаторында бірнеше секундқа пайда
болады.
Содан кейін таңдалған камераның
температурасын көрсетіп, қалыпты
жұмыс күйіне оралады.
Ескерту сатысында ызылдаған
дыбысты (E) пернесін басу арқылы
ажыратуға болады.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң
мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Мұздатылған тағамды сақтайтын
камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2
сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып
жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ
уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен
тағамды жылдам пайдаланып не дереу
пісіріп алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
FreeStore
Тоңазытқыш камера тағамдарды
жылдам суытып, камера ішіндегі
температураны барынша біркелкі
ұстауға көмектесетін құралмен
жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен
іске қосылады, мысалы есік
ашылғаннан кейін немесе бөлме
температурасы жоғары болған кезде
температураны жылдам қалпына
келтіреді.
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға
мүмкіндік береді ("FreeStore функциясы"
тарауын қараңыз).
Өте маңызды! FreeStore құралы есік
ашық кезде тоқтайды да, есік
жабылғаннан кейін дереу іске
қосылады.
42 electrolux
Page view 41
1 2 ... 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 ... 71 72

Comments to this Manuals

No comments