
• температура мәні жыпылықтайды
• бейнебет фоны қызыл түске енеді
• дыбысты сигнал естіледі
Қалыпты жұмыс режимі орнағанда:
• дыбысты сигнал өшеді
• температура мәні жыпылықтауын
жалғастырады
• бейнебет фоны қызыл түс қалпында
қалады.
Дыбысты сигналды өшіру үшін функция
түймешігін басқан кезде, камера ішінде
орын алған ең жоғарғы температура
көрсеткішінде бірнеше секунд
көрсетіліп тұрады.
Осы кезде жыпылықтау тоқтайды да,
бейнебет түсі қызыл түстен ақ түске
ауысады.
“Есік ашық” ескерту сигналы
Есік 1 минуттан ұзақ уақытқа ашық
қалса, дыбысты сигнал естіледі.
Есіктің ашық тұрғандығы төмендегі
арқылы көрсетіледі:
• "Есік ашық" ескерту сигналының
индикаторы жыпылықтайды
• қызыл бейнебет жанады
• сигнал естіледі.
Дыбыстық сигналды сөндіру үшін
функция түймешігін басыңыз.
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда), дыбысты
сигнал тоқтайды.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң
мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Action
Freeze функциясын, мұздатылатын
тағамды мұздатқыш камераға қоярдың
алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын
қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
екі камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз
келген басқа тағамды қосып салмаңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2
сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып
жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ
уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен
тағамды жылдам пайдаланып не дереу
пісіріп алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
16 electrolux
Comments to this Manuals