
Сары май, қант, лимон қабығы, ванильді қант
пен тұзды шараға салып шайқаңыз. Содан
кейін жұмыртқаны бір-бірден қосып, тағы да
шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұн мен жүгері
ұнын кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Қоспаны майланған және нан үгіндісі себілген
пісірме табаққа құйып, үстін тегістеңіз де,
құрылғыға қойыңыз.
Піскеннен кейін лимон шырыны мен
қуырылған қант түйірлерін араластырыңыз.
Тортты алюминийден жасалған жұқалтырға
аударып салыңыз.
Құймасы ағып кетпеуі үшін жұқалтырды
торттың шетіне қарай бүгіңіз. Торттың бетін
ағаш істікшемен тесіп, құйманы жағыңыз.
Содан кейін құймасы сіңуі үшін тортты біраз
уақытқа қоя тұрыңыз.
– Құрылғы ішіндегі уақыт: 75 минут
– Сөренің орналасуы: 2
Кекстер
Құрамы:
• 150 г сары май
• 150 г қант
• 1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
•1 шөкім тұз
• балауыз жағылмаған бір лимонның
жұмсағы
•2 жұмыртқа
• 50 мл сүт
• 25 г жүгері ұны
• 225 г ұн
• 10 г қопсытқыш ұнтақ
• 1 банка қышқыл шие (375 г)
• 225 г шоколад түйірлері
Басқа:
• Қағаз қалыптар, диаметрі шамамен 7 см
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант, тұз және
балауыз жағылмаған бір лимон жұмсағын
бірге араластырыңыз. Жұмыртқаны қосыңыз
да, қайтадан шайқаңыз.
Жүгері ұны, ұн және қопсытқыш ұнтақты
араластырыңыз да, сүтпен араластырыңыз.
Қышқыл шиені сорғытыңыз да, шоколад
түйіршіктерін қосып араластырыңыз.
Қоспаны қағаз қалыптарға салып, қалыптарды
пісірме табаққа орналастырыңыз да,
құрылғының ішіне қойыңыз.
– Құрылғы ішіндегі уақыт: 40 минут
– Сөренің орналасуы: 3
Пияз бәліші
Қамырға арналған құраластар:
• 300 г ұн
• 20 г ашытқы
• 125 мл жылымшы сүт
•1 жұмыртқа
• 50 г сары май
• 3 г тұз
Үстін безендіруге арналған құраластар:
• 750 г пияз
• 250 г бекон
•3 жұмыртқа
• 250 г қаймақ
• 125 мл сүт
• 1 шай қасық тұз
• 1 / 2 шай үгітілген бұрыш
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз.
Ашытқыны кесіп, оны сүтпен қоса шұңқырға
салыңыз да, шұңқырдың шетінен шамалы ұн
қосып араластырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, жылы
жерде себілген ұнда жарықшалар пайда
болғанша тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа мен сары майды ұнның шетіне
салыңыз. Құрамдас бөліктердің барлығын
ашытқылы қамырға қосып илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз.
Қамыр көтерілгенше пиязды аршып, төртке
бөліңіз де, жіңішкелеп тураңыз.
Беконды турап, пияз қосып баппен пісіріңіз де,
содан кейін салқындатыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған пісірме
табаққа салыңыз, түбін шанышқымен тесіп,
жиектерін биіктетіңіз. Көтерілуі үшін тағы
тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа, қаймақ, сүт, тұз бен бұрышты
қосып араластырыңыз. Салқындатылған
пияздар мен беконды қамырдың түбіне
таратып салыңыз. Қоспадан қосыңыз.
Барлығын қосып араластырыңыз да,
қамырдың үстінен салып, бетін тегістеңіз.
– Құрылғы ішіндегі уақыт: 45 минут
– Сөренің орналасуы: 3
Макарон гратині
Құрамы:
ҚАЗАҚ 15
Comments to this Manuals