
10.6 Аква таза
Бұл тазалау функциясы ылғалдың
көмегімен тағамның қалдықтары мен
қалдық майларды тұмшапештен
тазалайды.
1. Тұмшапештің түбіндегі белгіленген
деңгейге 200 мл су құйыңыз.
2. Функцияны орнатыңыз:
Және
түймесін басыңыз.
3. 90 °C градус температураны
орнатыңыз.
4. Тұмшапешті 30 минут қосып
қойыңыз.
5. Тұмшапешті сөндіріңіз де,
салқындатыңыз.
6. Тұмшапеш суыған кезде, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тұмшапешті ұстамай
тұрып, оның суығанына
көз жеткізіңіз. Күйіп
қалу қатері бар.
10.7 Есікті алу және орнату
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі
шыны панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді
тұмшапештің есігін алмай
тұрып алғыңыз келсе,
пештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пешті ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1. Есікті толық ашыңыз да, есіктің оң
жағындағы топсаны табыңыз.
2. Қатайтқыш бөлшекті артқа
жылжығанша итеріңіз.
3.
Итерілген бөлшекті бір
қолыңызбен ұстап тұрыңыз. Оң
жақ топсаның тетігін көтеріп, бұрау
үшін екінші қолыңызбен бұранда
бұрағышты пайдаланыңыз.
4. Есіктің сол жағындағы топсаны
табыңыз.
ҚАЗАҚ 29
Comments to this Manuals