18. ЖЕМІСТЕР
18.1 Алмалар:
Құрамы:
• 2 піскен алма, орташа
• 1 анис жұлдызы
• 1 ваниль құрағы, туралған
Дайындау әдісі:
Алмаларды жуып, қабықтарын
аршыңыз. Содан кейін төртке немесе
сегізге бөліп, өзегін алыңыз.
Алмаларды вакуум қалтаға салып,
анис пен ваниль құрағын қосыңыз.
Вакууммен тұмшалаңыз және пісіріңіз.
Алма тағамын жылы не суық күйінде,
ағылшын қаймағымен не
балмұздақпен үстелге тартуға болады.
• Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
20
• Сөренің орналасуы: 3
18.2 Қызыл шараптағы
алмұрт:
Құрамы:
• 2 піскен алмұрт, шамамен 300 г
• 2 стакан қызыл шарап, шамамен
300 мл (мысалы, Кабернет Франк)
• 1 ас қасық қант
• 1 шөкім дәмқабық, 1 түйір сарымсақ
- опция
Дайындау әдісі:
Шарапты кәстрөлге құйып
қоюланғанша қайнатып, мөлшерін екі
есеге дейін (шамамен жоғары қуатпен
8-10 мин) азайтып, содан кейін
салқындатыңыз. Алмұрттарды жуып,
қабығын аршып, жарты етіп бөліп,
өзегін алыңыз. Барлық құраластарды
вакуум қалтаға салыңыз. Вакууммен
тұмшалаңыз және пісіріңіз. Қызыл
шарап қосылған алмұрт тағамын жылы
немесе суық күйінде, ағылшын
қаймағын не балмұздақ қосып үстелге
тартыңыз.
• Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
15
• Сөренің орналасуы: 3
19. ҚАЙНАТПАЛАР ЖӘНЕ ТЕРРИНДЕР
19.1 Ағылшын қаймағы:
4 адамға арналған.
Құрамы:
• 250 мл балғын қаймақ
• 250 мл сүт
• 7 жұмыртқаның сарысы
• 140 г қант
• 1 / 2 ваниль құрағы
• Дәмін келтіру үшін 1 апельсин және
1 лимон қабығы
Дайындау әдісі:
Шараға қаймақты, сүтті, жұмыртқаның
сарыуызын және қантты салыңыз.
Ваниль собығын екіге бөліп, пышақпен
дәндерін қырып алып, дәндер мен
ваниль собығын шараға салыңыз.
Жемістің қабықтарын қосып, барлығын
төмен жылдамдықпен біртекті
болғанша шайқаңыз. Ваниль құрағы
мен жеміс қабығын миксерден алыңыз.
Қоспаны бір немесе бірнеше вакуум
қалтаға салыңыз. Вакууммен
тұмшалаңыз және пісіріңіз. Пісіріп
болғаннан кейін қалтаны мұзға салып,
содан кейін жылы немесе суық түрде
үстелге тартыңыз. Ағылшын қаймағы
қосылған тағамды пісірілген
жемістермен, шоколад тортымен,
алма бәлішімен немесе балмұздақпен
үстелге тартуға болады.
• Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
20
• Сөренің орналасуы: 3
*
34
Comments to this Manuals