Electrolux EDP2074PDW User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне
нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі
немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
бақылауында бола тұрып, құрылғыны
пайдалану жөнінде тиісті нұсқаулар алса
пайдалануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар
мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету
жұмыстарын басқаның бақылауынсыз
орындамауға тиіс.
1.2 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C градустан
төмен 35°C градустан жоғары жерге
орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға
кедергі жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны үнемі тік қалыпта жылжытыңыз.
Құрылғының артқы жағын қабырғаға
қаратып қою керек.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағындағы желдеткіш
саңылауларды кілем жауып қалмағанына
көз жеткізіңіз (бар болса).
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды
немесе басқа отын түрінің шығарынды
түтіндерін шығаруға арналған түтіктен
шығаруға болмайды.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір
кептіргіш машина қойылып тұрса, орнату
жинағын пайдаланыңыз. Уәкілетті
дилерден алуға болатын орнату жинағын
нұсқауларда көрсетілген, керек-жарағы
бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай
тұрып мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын
қараңыз).
Басқа жанармай қолданылатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан
бөлінетін шығынды газдар қайта бөлмеге
кірмес үшін, құрылғы орнатылған бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе
дұрыс орын қалдыра отырып ас үй
қаптамасының астына орнатуға болады
(Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан
кейін, ватерпас көмегімен деңгейінің әбден
дұрыс қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 3
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments