Electrolux EDP2074PDW User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
1.3 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Өрт, жарылыс шығу қаупі, электр
қатері немесе құрылғыға зақым
келтіру қаупі бар
Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Киімдерге нұқсан келтірмес үшін кептіру
циклының соңғы тұсында (суыту циклы)
қызу бөлінбейді.
Егер құрылғыны кептіру циклы аяқталмай
тұрып тоқтатсаңыз, барлық заттарды дереу
алып, қызуды тарқатып жіберу үшін
олардың барлығын таратыңыз.
Егер мата жұмсартқыш немесе сол сияқты
заттарды пайдалансаңыз, орам
материалындағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін
тазалаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған
қыл-қыбырды тазалаңыз.
Толтырмасы бар немесе ішіне нәрсе
салынған, нұқсан келген заттарды
кептірмеңіз.
Көбікті резеңке (латекс көбігі), себезгі
қалпағы, су өткізбейтін мата, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдер немесе
көбікті резеңкеден жасалған толтырмасы
бар жастық тәрізді заттарды кептірмеңіз.
Тағам пісіруге арналған май, ацетон, спирт,
бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз және балауыз тазалағыштар
тәрізді нәрселерге тиген заттарды кептірер
алдында, қосымша жуғыш зат салынған
ыстық сумен жуыңыз.
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдар
пайдаланылған заттарды кептірмеңіз.
Киімдердің қалталарында газ тұтатқыштар
немесе оттықтардың жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыда жуылмаған заттарды
кептірмеңіз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз, кептірер
алдында қосымша шаю циклын орындаңыз.
Конденсат суын ішпеңіз, оны тағам
дайындау үшін пайдаланбаңыз. Себебі
адамдар мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Суы сорғалап тұрған киімдерді кір кептіргіш
машинада кептірмеңіз.
1.4 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
1.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
4
www.electrolux.com
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments