Electrolux EGU96647LX User Manual Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 20
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
6.1 Ыдыс-аяқ
АБАЙЛАҢЫЗ
Шойыннан құйылған
табаларды, тас табаны,
фарфор ыдысты, гриль
немесе тостер табақтарын
пайдаланбаңыз. Тот
баспайтын болат қатты
қызғанда көмескі тартуы
мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Орнықсыз және түбі
деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі
төгіліп, адам жарақат
алмау үшін оттыққа
қоймаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөлдердің
табандарының басқару
тетігін басып тұрмағанына
көз жеткізіңіз, себебі тетікті
жалын ысытып жібереді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөлді барынша
орнықты етіп қою және
газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына
қойыңыз.
6.2 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
6.3 Ыдыстың диаметрі
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі
(мм)
Жылдам 180 - 260
Жартылай жылдам
(артқы)
140 - 180
Жартылай жылдам
(оң)
140 - 260
Қосымша 100 - 160
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
Тот баспайтын болат
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Күйген тағамды, майды және қатып
қалған дақтарды тазалау алдында
жұмсақ жуғыш зат құйып, бірнеше
минут шамалы жібітіңіз.
Болат беттерді қорғау үшін тот
баспайтын болатқа арналған жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Page view 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20

Comments to this Manuals

No comments