Electrolux EOK76030X User Manual Page 8

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 7
Құрылғы қосылып тұрған кезде
пештің іші мен гриль
функциясының қыздыру
бөлшектері мен керек-жарақтары
қызып тұрады. Оларды ұстаған
кезде абайлаңыз әрі пешке
арналған қолғапты не осындай
кезде қолданылатын сол сияқты
затты пайдаланыңыз. Күйіп қалу
қаупі бар!
Металл заттарды пештің ішкі
қабырғасы мен есігінен кем
дегенде 2 см алыс орналастыру
қажет. Әйтпесе ұшқын шығып
оның жарқылынан құрылғы бүлініп
қалуы мүмкін.
Егер басқаша ұсынылмаса,
алюминий қаңылтырды
пайдаланбаңыз.
Есік пен есік жақтауының арасына
ешнәрсенің қыстырылып
қалмағанын тексеріңіз.
Пеш есігінің тығыздағышын, есік
тығыздағышының бетін әрі пештің
ішін әрқашан таза ұстаңыз.
Құрылғының таза болмауы қатерлі
жағдайларға әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш
затты сақтамаңыз. Бұл пешті
қосқан кезде тұтануы мүмкін.
Құрылғы ақаулығының алдын
алудың жолдары
Пеш еденінің үстіне алюминий
қаңылтырды, пісіруге арналған
сөрелер мен ыдыстарды және
басқа заттарды қоймаңыз, себебі
олардың қызуының салдарынан
пештің эмаль қабаты бүлінуі
мүмкін.
Пісіру сөресінен ағып кеткен жеміс
шырыны кетпейтін дақ
қалдырады. Аса сұйық қоспадан
жасалған торттарды терең сөрені
қолданып пісіріңіз.
Пеш есігінің үстіне салмағы ауыр
зат қоймаңыз.
Қызып тұрған пештің ішіне суды
тура құймаңыз. Дақ қалып не
пештің эмалі бүлінуі мүмкін.
Ұқыппен қолданбау, әсіресе
пештің алдыңғы панелінің жиегін
дұрыс ұстамау шынының сынып
кетуіне алып келуі мүмкін.
Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш
затты сақтамаңыз. Бұл пешті
қосқан кезде тұтануы мүмкін.
Пештің ішіне ешқандай ылғал
бөліп шығаратын тамақты салып
сақтамаңыз. Бұл пеш эмалін
бүлдіруі мүмкін.
Желдеткішті өшіргеннен кейін беті
жабылмаған тамақты пеш ішінде
қалдырмаңыз. Пештің іші не оның
шыны есігі буланып, сонымен
қатар пеш жабдықтары да
ылғалдануы мүмкін.
8 electrolux Жалпы мағлұмат бөлімдері
Page view 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments