Electrolux EWF1408WDL User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
10.1 Салмақ сенсорларын
пайдалану
Салмақ сенсоры дұрыс
жұмыс істеуі үшін,
құрылғыны іске қосыңыз
да, бағдарламаны кірді
барабанға салар
АЛДЫНДА орнатыңыз.
10.2 Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
түймешігін басыңыз. Құрылғы іске
қосылған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
10.3 Бағдарламаны орнату
1. Қажетті бағдарламаны орнату үшін
бағдарлама сенсорлық
пернелерінің біреуін басыңыз:
индикаторы жыпылықтайды.
Тиісті бағдарламаның
индикаторы жанады.
Бейнебетте жуу бағдарламасы
туралы ақпарат көрсетіледі.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын,
циклдың ұзақтығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Егер параметр дұрыс
орнатылмаса, бейнебетте
бұл параметрді таңдау
мүмкін емес екені
көрсетіледі.
10.4 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
Бейнебетте кірдің салмағы мен
бағдарламаның ең үлкен салмағы
көрсетіледі. Мәтін жолағы кір
қосып салу керек екенін көрсетеді.
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз. Кірлерді құрылғыға салар
алдында сілкілеңіз.
Бейнебетте кірдің салмағы 0,5 қадам
бойынша өзгеріп көрсетіліп тұрады.
Салмақ кірдің түріне қарай өзгеріп
тұратын жалпылама көрсеткіш болып
табылады.
Кірдің салуға болатын ең
көп мөлшері көрсетілетін
бағдарламаларды
қолданғанда өте көп кір
салсаңыз, мәтін жолағы
кірді салу аяқталғанын
хабарлайды. Басқа
бағдарламаларда MAX
индикаторы жыпылықтап,
мәтін жолағы кір рұқсат
етілген мөлшерден көп
салынғанын хабарлайды.
Ресурстарды өте тиімді
пайдалану және құрылғы
жұмысын жақсарту үшін
кейбір кірлерді алыңыз.
3. Есікті жабыңыз.
Мәтін жолағында жуғыш затты
пайдалану мөлшері көрсетіледі. Егер
Үлестіру мөлшерін 1-ге қойыңыз
және “Үлестіру мөлшерін 2-ге
қойыңыз” параметрін орнатсаңыз,
дисплейде екі түрлі жуғыш заттың
қажетін таңдап алу мүмкіндігі орнайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
www.electrolux.com16
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 59 60

Comments to this Manuals

No comments