Electrolux EWW167580W User Manual Page 36

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 35
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген
электр сымын ауыстырту үшін қызмет
көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына
көз жеткізіңіз.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, электр қатері, күйіп қалу жəне
өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз.
Шыны ыстық болуы
мүмкін.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Киімдерге нұқсан келтірмес үшін
кептіру циклының соңғы тұсында
(суыту циклы) қызу бөлінбейді.
Егер құрылғыны кептіру циклы
аяқталмай тұрып тоқтатсаңыз,
барлық заттарды дереу алып, қызуды
тарқатып жіберу үшін олардың
барлығын таратыңыз.
Егер жуғыш зат, мата жұмсатқыш
немесе сол сияқты заттарды
пайдалансаңыз, орам
материалындағы нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғының
айналасына жиналып
қалған қыл-қыбырды тазалаңыз.
Толтырмасы бар немесе ішіне нəрсе
салынған, нұқсан келген заттарды
кептірмеңіз.
Көбікті резеңке (латекс көбігі), себезгі
кезінде киюге арналған бас киім, су
өткізбейтін мата жəне резеңке
астарлы заттарды кептірмеңіз.
Тағам пісіруге арналған май, ацетон,
спирт, бензин, керосин, дақ
кетіргіштер, скипидар, балауыз жəне
балауыз тазалағыштар тəрізді
нəрселерге тиген заттарды
кептірер
алдында, қосымша жуғыш зат
салынған ыстық сумен жуыңыз.
Өнеркəсіптік тазалағыш құралдарды
пайдаланып тазалаған заттарды
кептірмеңіз.
Киімдердің қалталарында газ
тұтатқыштар немесе оттықтардың
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
36 electrolux
Page view 35
1 2 ... 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 ... 71 72

Comments to this Manuals

No comments