Electrolux EWW167580W User Manual Page 66

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 65
6. Үстіңгі кішірек тесік пен екі үлкен
тесікті, нұсқаулық кітапшасы
салынған қалтадағы пластик
тығындармен тығындаңыз.
ОРНАЛАСТЫРУ
Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне
орналастырыңыз. Кілем не еден
сүртетін шүберек т.с. заттар машина
айналасында ауа еркін айналуға кедергі
жасамай тұрғандығын тексеріңіз.
Машинаның қабырға не ас үй
жиһаздарының біріне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Машинаны сирақтарын көтеру не төмен
түсіру арқылы
тіктеп қойыңыз.
Сирақтарды көтеру не төмен түсіру
оңай болмауы мүмкін, себебі олар
арнайы бекіткіш тетік арқылы
құрастырылған, бірақ машинаны
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ тіктеп, орнықты етіп
орнату қажет. Қажет болса, деңгейді
ватерпас көмегімен тексеріп көріңіз.
Қажетті түзетулерді гайка кілтінің
көмегімен жүзеге асыруға болады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнату діріл,
шу, не машина іске қосылып тұрған
кезде орнынан
жылжып кетпеуге
көмектеседі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Еденнің қандай да бір кедір-
бұдырын машинаның астына
тақтай, ағаш не сол сияқты
заттарды қою арқылы тегістеуге
тырыспаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІК
Су құятын түтік құрылғымен бірге
жеткізіледі, оны барабанның ішінен
табуға болады. Машинаны су жүйесіне
жалғау үшін бұрынғы машинадан қалған
түтікті пайдаланбаңыз.
Бұл құрылғыны суық сумен
жабдықтау жүйесіне қосу қажет.
1. Түтікті машинаға бұрыш жасай
отырып жалғаңыз.
2. Су құятын түтікті төмен қаратып
қоймаңыз. Су шүмегінің
орналасуына қарай түтікті оңға не
солға қарай бұрыш жасап
орнатыңыз.
3. Дөңгелек сомынды босату арқылы
түтікті дұрыстап орнатыңыз. Су
құятын түтікті дұрыс орналастырған
соң су жылыстап ағып кетпес үшін,
шығырық тəрізді тығырықты
қатайтып
бұрауды ұмытпаңыз.
45°
35°
66 electrolux
Page view 65
1 2 ... 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72

Comments to this Manuals

No comments