Electrolux EOB8956VAX User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
6.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Бу генераторы бос тұрғанда,
дыбыстық сигнал естіледі.
Құрылғы суыған кезде, бу генераторында
қалған суды жөкеге сіңіріп алыңыз. Егер қажет
болса, бу генераторын сірке суымен
тазалаңыз. Құрылғының есігін ашып, әбден
суытыңыз.
Низкотемпературное
Тағам қауіпсіздігіне қатысты ұсыныстар:
Низкотемпературное функциясы қалыпты
пісіру режиміне қарағанда, төмен пісіру
температурасын пайдаланады. Тағамның
сапасын жақсы күйде ұстау үшін, тағамды
ерекше күтім көрсетіп сақтаңыз.
Жоғары сапалы шикі заттарды
пайдаланыңыз.
Әрқашан жаңа шикі материалдарды
пайдаланыңыз.
Шикі заттардан тағам пісірер алдында
үнемді дұрыс сақтаңыз.
Тағам пісіру алдында әрқашан тазалаңыз.
Жақсы және қауіпсіз нәтижеге қол жеткізу
үшін, әрқашан пісіру кестелеріндегі
мәндерді қараңыз. Тағамның пісіру
уақытын, температурасы мен өлшемін
тексеріңіз.
Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жағдайларға
жол бермеу үшін тағамды 60 °C градустан
төмен температурада сақтамау керек.
Төмен температураны тек шикілей жеуге
болатын тағам үшін аз уақыт ғана
пайдаланыңыз.
Sous-vide тағамдарының дәмі пісіре
салысымен өте жақсы болады. Егер
пісіргеннен кейін тағамды дереу жемесеңіз,
оның температурасын дереу төмендетіңіз.
Ол үшін тағамды мұз салынған ыдысқа
салып, тоңазытқышқа қойыңыз. Тағамды
тоңазытқышта 2 – 3 күн сақтауға болады.
Низкотемпературное функциясын қалған
тағамды ысыту үшін пайдаланбаңыз.
Тағамды дайындау және пісіру барысында,
шикі тағам мен піскен тағамды бір-біріне
тигізбеңіз.
Құралдарды мұқият жуып алмай тұрып, әр
түрлі нәрселер үшін пайдаланбаңыз.
Шикі жұмыртқалар пайдаланылатын
рецептілерде, жұмыртқаның ағы мен
сарысын жұмыртқаның қабығының
сыртына тигізбеңіз.
Тағамды вакууммен тұмшалауға қатысты
ақыл-кеңес:
Вакууммен тұмшалағыш пен вакуум
қалталары Низкотемпературное
функциясына қажетті құралдар болып
табылады.
Ұсынылатын вакууммен тұмшалағыш
түріне: камералы вакууммен тұмшалағыш
(вакууммен тұмшалағыштың осы түрі ғана
сұйықтарды вакууммен тұмшалай алады).
Низкотемпературное функциясына сай
келетін вакуум қалтасын пайдаланыңыз.
Вакуум қалталарын қайта пайдаланбаңыз.
Тағамды біркелкі пісіру үшін тағамдарды
вакуум қалтаның бір қабатына салыңыз.
Тағамды жылдамырақ және барынша
біркелкі етіп пісіру үшін, вакуумның
градусын ең үлкен деңгейге қойыңыз.
Вакуум қалтасын қауіпсіз түрде жабу үшін,
тұмшалауға арналған жердің таза екеніне
көз жеткізіңіз.
Низкотемпературное функциясына арналған
жалпылама ақыл-кеңес:
Пісіретін буды ұстап тұру үшін
Низкотемпературное функциясын
пайдаланғанда, құрылғының есігін әрқашан
жабық ұстаңыз.
Пісіріп болғаннан кейін есікті абайлап
ашыңыз, себебі құрылғының ішінде бу
жиналып тұрады.
Тағамға өз қалауыңызға сай сұйық май
және дәмдеуіштерден қоса аласыз. Сұйық
май тағамның вакуум қалтаға жабысып
қалуына жол бермейді.
Тағамды жылдамырақ және барынша
біркелкі етіп пісіру үшін, вакуумның
градусын барынша жоғары деңгейде
ұстаңыз.
Пісіру уақыттары ұсыныс ретінде ғана
берілген және сіз қалайтын уақыттардан
өзгеше болуы мүмкін.
Пісіру кестелерінде көрсетілген пісіру
уақыттары 4 адамға арнап тағам пісіру үшін
берілген. Егер тағамның мөлшері көп
болса, пісіру уақыттары ұзағырақ болуы
мүмкін.
Егер тағамның өлшемі пісіру кестелерінде
көрсетілген мәндерден басқа болса, пісіру
уақыты өзгереді.
Көп қалта пайдалансаңыз, вакуум
қалталарды қабаттамай, тордың үстіне
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments