Electrolux EOB8956VAX User Manual Page 57

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 56
Тағам Тағамның ішкі температурасы °C
Бұғының сирағы 70 - 75
Балық
Тағам Тағамның ішкі температурасы °C
Ақсерке 65 - 70
Бақтақ 65 - 70
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін әдетте
қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
12.1 Очистка Паром
Menu / Функции / Очистка
1.
Қоқысты қолмен барынша тазалап
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін
Очистка Паром функциясын құрылғы
салқын тұрғанда орындау керек.
Қалдық қызуды тексеріңіз.
Қабырғаларды тазалау үшін сөренің
тіректерін алыңыз.
2.
3 ас қасық сірке суы қосылған 400 мл
суды бу генераторына тура құйыңыз.
3.
Очистка Паром функциясын қосыңыз.
Функцияның ұзақтығы шамамен 33 минут.
4.
Бағдарлама аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сигналды сөндіру үшін
сенсорлық өрісті түртіңіз.
5.
Құрылғының ішкі бетін жұмсақ жөкемен
сүртіңіз. Бу генераторындағы жылы суды
пайдалануға болады.
Құрылғымен бірге жеткізілген жөкені
пайдаланбаңыз.
6.
Бу генераторында қалған суды төгіңіз.
7.
Тазалап болғаннан кейін құрылғының
есігін шамамен 1 сағат ашық ұстаңыз.
Құрылғы кепкенше күтіңіз.
Егер Очистка Паром функциясы
аяқталғаннан кейін құрылғыны дереу
қолмен тазаласаңыз, Очистка Паром
функциясының әсері барынша
артады.
Очистка Паром функциясы қосулы
тұрғанда, шам сөндірулі тұрады.
Бумен пісіріп болғаннан кейін
әрқашан Очистка Паром функциясын
пайдаланыңыз.
Егер қатты ластанса, Очистка Паром
функциясын екі рет пайдаланыңыз.
Екінші циклды қосу алдында
құрылғының салқын екеніне көз
жеткізіңіз.
12.2 Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
ҚАЗАҚ 57
Page view 56
1 2 ... 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64

Comments to this Manuals

No comments