Electrolux EOB98851AX User Manual Page 43

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 42
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
12.1 Бумен тазалау
1.
Қатты ластанған жерлерді қолмен
тазалаңыз.
2.
Бу генераторына 250 мл суды және 3 ас
қасық сірке суын тікелей құйыңыз.
3.
Негізгі мәзірден Бумен тазалау
функциясын қосыңыз. Бейнебетте
функцияның ұзақтығы көрсетіледі.
4.
Бағдарлама аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сигналды сенсорлық
алаңды басып өшіріңіз.
5.
Құрылғыны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Бу генераторында қалған суды төгіңіз.
6.
Құрылғының есігін шамамен 1 сағат
ашып қойыңыз. Құрылғы әбден кепкенше
күтіңіз.
12.2 Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
2
3
1
1.
Сырғытпаларды алдыңғы тежегіштен
еппен жоғары тартыңыз.
2.
Алдыңғы тежегіштегі сырғытпаларды
еппен ішке қарай жылжытыңыз.
3.
Сырғытпаларды артқы тежегіштен
тартып шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері реттілікпен
салыңыз.
12.3 Бу шығаратын жүйе
Сақтандыру туралы ескерту!
Бу генераторын пайдаланып болған
сайын құрғатыңыз. Суды жөкемен
тазалаңыз.
Әк шөгіндісін су мен сірке суын
пайдаланып тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Әк шөгіндісін тазалайтын химиялық
құрал эмальға зақым келтіруі мүмкін.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Су тартпасы мен бу генераторын тазалау:
1.
Су мен сірке су қоспасын (шамамен 250
мл) су тартпасы арқылы бу генераторына
құйыңыз. Шамамен 10 минут күтіңіз.
2.
Суды және сірке суын жөкемен
тазалаңыз.
3.
Бу шығару жүйесін шаю үшін су
тартпасына таза су (100 - 200 мл)
құйыңыз.
4.
Су генераторындағы суды жөкемен
тазалап, құрғатып сүртіңіз.
5.
Құрылғыны әбден құрғату үшін есігін
ашып қойыңыз.
12.4 Шам
Назарыңызда болсын!
Электр тоғы соғу қаупі бар!
Шам және шамның қақпағы ыстық
болуы мүмкін.
Шамды ауыстырар алдында:
Құрылғыны сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
Әрқашан бірдей шамдарды
қолданыңыз.
Корпустың ішкі төбесінде орналасқан шамды
ауыстыру:
1.
Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Металл шығырды алып, шыны қақпақты
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 43
Page view 42
1 2 ... 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48

Comments to this Manuals

No comments