Electrolux EKK603504W User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
Газға қосу
Назарыңызда болсын! Газбен тамақ
пісіру құрылғысын пайдаланған
кезде оны орнатқан бөлме ысып
кетеді және ылғал түзіледі. Ас үйдің
жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Табиғи жолмен желдетуге
арналған саңылауларды ашық
қалдырып, не механикалық желдету
құралын орнатыңыз (механикалық
құрал).
Пешті ұзақ уақыт әрі қарқынды
пайдаланған кезде мысалы,
терезені ашу, егер бар болса
механикалық желдету
құрылғыларының желдету қарқынын
үдету тәрізді қосымша желдету
әрекеттері қажет болуы мүмкін.
Газ жүйесіне қосу қолданыстағы
ережелерге сай жүзеге асырылуға тиіс.
Өндіруші құрылғыны сынақтан өткізіп,
жалғанатын құбырдың қасында
орналасқан құрылғыны баптау
тақтайшасында көрсетілген газ түріне
сәйкестендіріп баптаған соң ғана сатуға
рұқсаттайды. Пешті осы тақтайшада
көрсетілген газ түріне ғана қосуды есте
ұстаңыз.
Пеш орнатылатын орта
Назарыңызда болсын! Бұл пеш
жанған жағармай өнімдерін жинап
шығаратын құралға жалғанбаған.
Бұл пешті қолданыстағы орнату
ережелеріне сай орнатып және
желіге қосу қажет. Желдетуге
қатысты талаптардың орындалуына
ерекше назар аудару керек.
Газ пеш дұрыс жұмыс істеу үшін бөлме
ішінде газдың жануына жеткілікті ауа
айналымы болуға тиіс. (Орнатушы
маман қолданыстағы ережелерді
ұстануға міндетті).
Ауа бөлме ішіне қабырғалардағы ашық
жерлер арқылы тікелей кіруге тиіс. Бұл
ашық жерлер (немесе ашық жер) іштен
де, сырттан да бітелмейтіндей етіп
жасалған болуға тиіс.
Құрылғыны орнату мен жөндеуді
қолданыстағы ережелерге сәйкес білікті
техник маман іске асыруға тиіс.
Электр желісіне қосу қолданыстағы
ережелерге сай жүзеге асырылуға тиіс.
Өте маңызды! Біз жерге қосудың
ақаулығына немесе мүлде болмауына
байланысты орын алған қатерлі
жағдайлар үшін жауапкершілік
көтермейміз.
Жағармайдың жанған өнімдерін тастау
Газ пештердегі жағармай қалдықтарын
түтін мұржасына жалғанған түтік арқылы
не болмаса далаға тура шығару қажет.
Иілмейтін не иілмелі металл құбырлар
арқылы газ желісіне қосу
Қауіпсіздікті жоғарғы деңгейде
қамтамасыз ету үшін пешті газ жүйесіне
иілмейтін құбырларды қолданып қосуды
ұсынамыз (мысалы, мыс) не құрылғыға
еш күш түспес үшін тот баспайтын
болаттан жасалған иілмелі құбырларды
қолдану керек. Газға қосатын түтікше
тығырығы Gc ½. Қосылымның мұндай
түрлерін жүзеге асыру үшін,
қолданыстағы ережелерге сай газ
жүйесіне қосылу үшін тек ғана иілгіш
металл түтіктерді қолдану керек.
26 electrolux
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments