Electrolux EKK603504W User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Балалар таба не кастрюльдерді
пештен тартып қалып та өздерін
жарақаттап алуы мүмкін.
Пайдалану кезінде
Бұл пеш тек үйде пайдалануға ғана
арналған. Бұл пеш коммерциялық
мақсатта не өнеркәсіпте қолдануға
арналмаған.
Құрылғы айналасының жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Ауаның жеткіліксіз болуы оттегі
тапшылығына ұшыратуы мүмкін.
Бұл пеш жанған жағармай өнімдерін
жинап шығаратын құралға
жалғанбаған. Бұл пешті қолданыстағы
орнату ережелеріне сай орнатып және
желіге қосу қажет. Желдетуге қатысты
талаптардың орындалуына ерекше
назар аудару керек.
Құрылғыны пайдаланған кезде оны
орнатқан бөлменің ішін пештен
бөлінген ыстық пен ылғал жайлайды.
Желдеткіш саңылауларды бірқалыпты
ұстау арқылы не желдеткіш түтікшесі
бар арнайы құрылғыны пештің үстіне
орнату арқылы ауаның үздіксіз келуін
қамтамасыз етіңіз.
Пеш ұзақ уақыт іске қосылып тұрған
кезде, терезені ашу не ауа сорғыштың
жылдамдығын арттыру арқылы
желдету қарқынын жақсарту қажет.
Қақпақпен жабдықталған
құрылғылардағы қақпақ жабық тұрған
кезде пештің бетін шаң басудан
қорғаса, ашық тұрған кезде май
шашырандыларын жинайтын қызмет
атқарады. Қақпақты басқа мақсатта
қолданбаңыз.
Қақпақты әрқашан тазалап барып
жабыңыз.
Қақпақты жаппас бұрын оттықтарды
суытып алыңыз.
Бұл пешті суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
Пеш іске қосылмай тұрған кезде,
басқару түймешелерінің OFF
қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде ысып
кетеді. Пештің ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тиіп кетпес үшін
абай болған жөн.
Жиналған бу не жылуды шығарып
жіберу үшін, пештің есігін әрқашан
артқа шегініп барып ашыңыз.
Басқа электр құрылғыларын
пайдаланған кезде, пештің ысып
тұрған беттеріне кабельдердің тиіп
кетпеуін тексеріңіз.
•Түбі орнықсыз не сай келмейтін
ыдыстарды пеш оттықтарына қойып
пайдалануға болмайды, себебі олар
аударылып кетсе не тағам тасып
төгілсе оқыс жағдайлар орын алуы
мүмкін.
Оттықты жылдам тұтату үшін, оларды
кастрюльдерді тор тағанның үстіне
қоймас бұрын жағып алыңыз.
Оттықтарды тұтатып алған соң, от
жалынының тұрақты шығып тұрған не
тұрмағанын тексеріп алыңыз.
Кастрюльдерді әрқашан жалынды
азайтып не өшіріп барып алыңыз.
Май және тоңмайды пайдаланып
тағам пісірген кезде пешті ешқашан
назардан тыс қалдырмаңыз.
Бұл пешті әрқашан таза ұстау керек.
Пеште жиналып қалған май не тағам
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Тағамды пеш ішінде не үстіндегі
оттықтарға қойып пісіру үшін ешқашан
пластик ыдыстарды қолданбаңыз.
Пештің ешбір бөлшегін алюминий
қаңылтырмен қаптамаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не қалқаланып
қалмағанын тексеріңіз.
Тез бұзылатын ас, пластик заттар
және аэрозоль жылу әсеріне тез
ұшырайтындықтан оларды пештің
үстінде сақтамау керек.
Егер пеш ұзақ уақыт жоғарғы қызу
параметрінде тұрса, зат сақтайтын
суырма тағам пісіріліп жатқан кезде
ысып кетуі мүмкін, сондықтан да, ас үй
қолғабы, сүлгі не пластик алжапқыш
тәрізді заттарды онда сақтамаған жөн.
Пісіруге арналған қаңылтыр тәрізді
пеш жабдықтары да ысып
кететіндіктен, бұл заттарды пеш іске
қосылып тұрғанда не әлі де ыстық
күйде тұрғанда суырмадан сақтықпен
алған жөн.
electrolux 3
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments