Electrolux EKK603504W User Manual Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
Иілмелі металл емес түтікше арқылы
жалғау
Егер газ жүйесіне қосылатын құбыр
тармақтарын тұтастай тексеріп шығу
мүмкін болса, онда иілгіш құбырларды
қолданыстағы ережелерге сай
қолдануға болады. Иілмелі құбырды
қапсырманы пайдаланып жарамды
ережелерге сай берік орнату қажет.
Иілмелі құбырлар келесі талаптарға сай
қолдануға даяр болу керек:
бұл құбырлар тек бөлме
температурасында ғана
пайдаланылып, еш жағдайда 30
°
C
асатын температурада
пайдаланылмауға тиіс; егер иілмелі
құбыр кранға жететіндей орнатылса,
оны суретте көрсетілгендей
тақтайшаның арт жағына орнату
қажет;
ұзындығы 1500 мм артық болмауға
тиіс;
ол қысылып тұрмау қажет;
оны тартып не бұрап
деформациялауға болмайды;
оны ешқандай кесіп кетуі ықтимал
заттарға не бұрыштарға жанастырмау
керек;
оның қандай жағдайда екендігі оңай
тексерілетіндей болу қажет.
Иілмелі құбырлардың қосылымының
беріктігін төмендегі қадамдарды
орындап тексеру қажет:
құбырлардың екі ұшының екеуінде де,
сондай-ақ бүкіл бойында ешбір жарық,
кесік не күйгеннен қалған із болмауы
қажет;
оның материалы қатаймай, қалыпты
иілгіштігін сақтап тұруы қажет;
жалғағыш Фиттингтерін тот баспаған
болу қажет;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген
болуы қажет. Егер бір не бірнеше
ақаулықты байқасаңыз, құбырды
жөндеудің орнына ауыстыруыңыз
қажет.
ол құрылғының жылжымалы
бөліктеріне тиіп тұрмауға тиіс;
оны көп зат шоғырланған жерден
өткізіп орнатуға болмайды;
Өте маңызды! Орнату жұмыстары
аяқталғаннан соң құбырдың әрбір
фиттинг бөлшегінің берік орнатылғанын
от жалынын емес, сабынды ерітіндіні
қолданып тексеріп көріңіз.
Пешті газдың әр түріне лайықтау
Пеште белгілі бір газ түрі үшін
орнатылған параметрлерді өзгертіп, оны
басқа газға лайықтау үшін төменде
көрсетілген нұсқауларды рет-ретімен
орындаңыз.
Газға қосу:
Сұйылтылған газ: 4 нөмірлі резеңке
құбыр тіреуішті пайдаланыңыз.
electrolux 27
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments