Electrolux EOA5751AOX User Manual Page 34

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 33
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін тазалау үшін
әдетте қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
12.1 Каталитпен тазалау
Каталитті қаптамасы бар қабырғалар өздігінен
тазаланады. Бұндай қаптама тұмшапеш
жұмыс істеп тұрған кезде қабырғаға
шашыраған майды сіңіріп алады.
Тұмшапеш өздігінен тазалануы үшін ішіне
тағам салмай мезгіл-мезгіл қыздырыңыз:
1.
Құрылғының керек-жарақтарын алыңыз.
2.
түймешігін бейнебетте "Cata" және
тазалау үрдісінің ұзақтығы көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз (1 сағат). Ұзақтық
функциясын орната алмайсыз, бірақ
тазалау үрдісін кешіктіріп бастау үшін
Аяқтау функциясын қолдана аласыз.
3.
Уақыт аяқталғаннан кейін дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
4.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз немесе тұмшапештің
есігін ашыңыз.
5.
Құрылғының табанын жұмсақ, дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Назарыңызда болсын!
Каталитті қаптаманы тұмшапеш
бүріккішін, түрпілі тазалағыш
заттарды, сабынды немесе басқа
жуғыш заттарды пайдаланып
тазаламаңыз. Каталитті қаптаманы
бүлдіріп алу қаупі бар.
Каталитті қаптаманың түсінің оңуы
каталиттің сипаттарына еш әсерін
тигізбейді.
Каталитпен тазалау барысында
тұмшапештің шамы жанады.
12.2 Сөре сырғытпалары
Сөре сырғытпаларын алу
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
34
www.electrolux.com
Page view 33
1 2 ... 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40

Comments to this Manuals

No comments