Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 18

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 17
250 г қаймақ
125 мл сүт
1 шай қасық тұз
1/2 шай үгітілген бұрыш
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз.
Ашытқыны кесіп, оны сүтпен қоса шұңқырға
салыңыз да, шұңқырдың шетінен шамалы ұн
қосып араластырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, жылы
жерде себілген ұнда жарықшалар пайда
болғанша тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа мен сары майды ұнның шетіне
салыңыз. Құрамдас бөліктердің барлығын
ашытқылы қамырға қосып илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз.
Қамыр көтерілгенше пиязды аршып, төртке
бөліңіз де, жіңішкелеп тураңыз.
Беконды турап, пияз қосып қызартпай баппен
пісіріңіз. Салқындатып қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған пісірме
табаққа салыңыз, түбін шанышқымен тесіп,
жиектерін биіктетіңіз. Көтерілуі үшін тағы
тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа, қаймақ, сүт, тұз бен бұрышты
қосып араластырыңыз. Салқындатылған
пияздар мен беконды қамырдың түбіне
таратып салыңыз. Үстіне қоспаны құйып,
бетін тегістеңіз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 45 минут
Сөренің орналасуы: 1
Quiche Lorraine
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
•2 жұмыртқа
100 г сары май
1/2 шай қасық тұз
аздаған бұрыш
1 шөкім мускат жаңғағы
Үстін безендіруге арналған құраластар:
150 г үгітілген ірімшік
200 г пісірілген ветчина немесе майсыз
бекон
•2 жұмыртқа
250 г қышқыл қаймақ
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Басқа:
Диаметрі 28 см қара түсті, майланған
пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Ұн, май, жұмыртқа мен дәмдеуіштерді шараға
салып, біркелкі қамыр пайда болғанша
араластырыңыз. Қамырды бірнеше сағат
тоңазытқышқа қойыңыз.
Содан кейін қамырды жайыңыз да, майланған
қара пісірме табаққа салыңыз. Түбін
шанышқымен тесіңіз.
Беконды қамырдың үстінен жайып салыңыз.
Толтырма жасау үшін жұмыртқа, қаймақ пен
дәмдеуіштерді қосып араластырыңыз. Содан
кейін ірімшік қосыңыз.
Толтырманы беконның үстіне құйыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 40 минут
Сөренің орналасуы: 1
Goatscheese Flan
Қамырға арналған құраластар:
125 г ұн
60 мл зәйтүн майы
1 шөкім тұз
3 - 4 ас қасық суық су
Үстін безендіруге арналған құраластар:
1 ас қасық зәйтүн майы
•2 пияз
тұз бен бұрыш
1 шай қасық туралған тасшөп
125 г рикотта
100 г ешкі сүтінен жасалған ірімшік
2 ас қасық зәйтүн
•1 жұмыртқа
60 мл кілегей
Басқа:
Диаметрі 28 см қара түсті, майланған
пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Шараға ұн, зәйтүн майын және тұзды
салыңыз да, нан үгітіндісіне ұқсағанша
араластырыңыз. Су қосып, қамыр илеңіз.
Қамырды бірнеше сағат тоңазытқышқа
қойыңыз.
Содан кейін қамырды жайыңыз да, майланған
қара пісірме табаққа салыңыз. Түбін
шанышқымен тесіңіз.
Табаға 1 ас қасық зәйтүн майын құйыңыз.
Пиязды аршып, жұқалап тураңыз да, қақпағын
жауып, табадағы майға 30 минуттай
қуырыңыз. Тұз бен бұрыш қосып, 1/2 шай
қасық туралған ақжелкенмен араластырыңыз.
Пиязды аздап суытыңыз да, қамырдың
үстінен таратып салыңыз.
18
www.electrolux.com
Page view 17
1 2 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments