Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
100 г таспалап туралған бекон
•1 пияз
•1 сәбіз
100 г балдыркөк
2 ас қасық зәйтүн майы
400 г тартылған ет (сиыр еті мен шошқа еті
аралас)
100 мл ет сорпасы
1 шағын қалбырдағы туралған қызанақ
(шамамен 400 г)
орегано, тасшөп, тұз және бұрыш
Бечамель соусына арналған құраластар:
75 г сары май
•50 г ұн
600 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
3 ас қасық сары май
250 г жасыл лазанья
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
50 г үгітілген жұмсақ ірімшік
Дайындау әдісі:
Өткір пышақпен беконды қыртысы мен
шеміршектен тазартып, ұсақ текшелеп
тураңыз. Пияз бен сәбізді аршып, балдыркөкті
тазалаңыз, көкөністің бәрін ұсақтап тураңыз.
Кәстрөлге өсімдік майын қыздырып, бекон
мен туралған көкөністі араластыра отырып
қуырыңыз.
Туралған еттен біртіндеп қосып, үзбестен
араластырып қуырыңыз да, ет сорпасын
қосып сөлін алыңыз. Ет сорпасына қызанақ
езбесі, асшөп, тұз бен бұрыш қосып, қақпақ
жауып, бәсең отқа қойып шамамен 30 минут
қайнатыңыз.
Арасында бечамель тұздығы дайындаңыз:
Сары майды табада ерітіңіз, ұн қосып,
үзбестен араластыра отырып, сарғылт
тартқанша пісіріңіз. Үзбей араластыра отырып
біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
Пешке төзімді төртбұрышты үлкен ыдысты 1
ас қасық сары маймен майлаңыз. Паста
қамырын, ет тұздығын, бечамель тұздығын
және араласқан ірімшікті бірінен кейін бірін
қабаттап ыдысқа салыңыз. Ірімшік себілген
бечамель тұздығының қабаты соңғы қабат
болуға тиіс. Қалған сары майды ұсақ
кесектерге бөліп, тағамның үстінен салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 1
Cannelloni
Толтырмаға арналған құраластар:
50 г туралған пияз
30 г сары май
350 г туралған шпинат жапырағы
100 г қаймақ
200 г текшелеп туралған жас албырт балық
еті
200 г текшелеп туралған Нил алабұғасы
150 г асшаян
150 г мидия еті
•тұз, бұрыш
Бечамель соусына арналған құраластар:
75 г сары май
•50 г ұн
600 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
1 қапшық каннеллони
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
150 г үккіштен өткізілген ірімшік
40 г сары май
Дайындау әдісі:
Туралған пияз бен сары майды табаға салып,
пияздың түсі кеткенше әлсіз отта пісіріңіз.
Туралған шпинат жапырағын салыңыз да,
әлсіз отта аз уақыт пісіріңіз. Қаймақты қосып
араластырып, салқындатып қойыңыз.
Арасында бечамель тұздығын дайындаңыз:
Сары майды табада ерітіңіз, ұн қосып,
үзбестен араластыра отырып, сарғылт
тартқанша пісіріңіз. Үзбей араластыра отырып
біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
Албырт балық, алабұға етін, асшаян мен
мидия етін, тұз бен бұрышты суыған шпинатқа
қосып араластырыңыз.
Пешке төзімді төртбұрышты үлкен ыдысты 1
ас қасық сары маймен майлаңыз.
Каннеллонидің ішіне шпинат қоспасын
толтырып, пісірме табаққа салыңыз.
Бечамель соусын каннелонидің әр қабатының
арасына салыңыз. Ірімшік себілген бечамель
тұздығының қабаты соңғы қабат болуға тиіс.
Қалған сары майды ұсақ кесектерге бөліп,
тағамның үстінен салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 1
ҚАЗАҚ 21
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments